KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Бұқтырма көпірінде 2025 жылы автоматтандырылған өлшеу құрылғылары орнатылмақ

Фото: korda-group.ru

21.10.2024, 18:00 128 Төлеуғазы Жансая

Күршім ауданындағы жаңа көпірдің ұзақмерзімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі көпірдің уақыттан тыс тозуын болдырмау үшін арнайы автоматтандырылған өлшеу құрылғыларын орнатуды жоспарлап отыр. Бұл құрылғылар арқылы жүк көліктерінің салмағы қатаң бақыланып, артық жүктемеге тыйым салынбақ. Рұқсат етілетіні - 25 тоннадан аспайтын салмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, Күршім көпірінің құрылысына 60 миллиард теңге жұмсалған. Құзырлы министрлік өкілі Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін республика бойынша 220 автоматтандырылған өлшеу құрылғылары орнатылатын болады. Бұл тізім ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы көлік магистральдары мен көпірлер де қамтылмақ. Автоматтандырылған жүйелер енгізілгенге дейін көлік министрлігіне қарасты инспекторлар көпір маңында қызмет жасап, жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақта қозғалуын бақылап отырмақ.

Жаңа технологиялардың енгізілуі Күршім көпірінің ұзақ уақыт бойы сапалы қызмет етуіне және жүк көліктері ағынының дұрыс реттелуіне мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, салынған уақыттан бастап көпір облыстық әкімдік балансына беріліп қойған. Алдағы 2 жыл бойы көпірді салған компания кепілдік аясында қажетті жұмыстарды атқармақ. Көпірді күту жұмыстары да (қысқы-жазғы мезгілдік тазалау, инертті заттар төсеу, т.б.) жергілікті атқарушы орган қарамағында. Қайталай кетейік, салалық министрлік өкілі аталмыш көпір үстімен қозғалу, жолаушы мен жүк тасымалдау тегін болады деп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу