Кәсіпкер Ляззат Құмарова Күршім көпірінің құрылысы туралы пікір
Күршім ауданының кәсіпкері Ляззат Құмарова көпір құрылысының аймақ үшін ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, көпірдің салынуы кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, әсіресе ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық салаларына серпін бермек.
«Күршім көпірі біз үшін көптен күткен жоба. Бұл кәсіпкерлер үшін ғана емес, барша аудан тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан. Жол қатынасы жақсарған соң, тауар айналымы да артып, өнімдерімізді үлкен нарықтарға шығару жеңілдейді. Сонымен қатар туризм саласына да оң әсері болмақ», – деді Ляззат Құмарова.
Кәсіпкер көпір құрылысының аяқталуы аймақтың экономикалық дамуына тың серпін береді деп үміттенеді.
Оқи отырыңыз
Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобалар әзірленедіКөпір әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа жолына бастамақ (видео)Марқакөл ауданының тұрғыны Күршім көпірінің құрылысы туралы пікір білдірдіОсы күнді ұзақ күттік - Күршім халқы Күршім көпірінің құрылысы басталды. Алдымен жол жатақхана, электр желілері