Шығыстағы әскерилер тексерістен өтіп жатыр
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Ұлттық ұланда 2023 жылдың жазғы оқу жылы бойынша қорытынды тексеріс басталды.
Алғашқы болып тексеруді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басқарма әскерилері тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бірнеше күн бойы басқарма жеке құрамы қорытынды сабақтарда кәсіби-лауазымдық, мемлекеттік-құқықтық даярлық пәндері бойынша емтихан тапсырып, атыс даярлығы бойынша мергендіктері саналды.
Әскерилер атыс дайындығы бойынша нормативтерді 3477 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында тапсырған. Сондай-ақ Ұлттық ұландықтар белтемірге тартылып, 100, 1000 және 3000 мың метр қашықтыққа жүгіруден дене дайындықтарын көрсетті.
30 қазаннан бастап "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен, Абай облысы және Павлодар гарнизондарының 100% жеке құрамы толық тексеруден өтетін болады. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен басқарма офицерлері үш бірдей гарнизонда орналасқан әскери бөлімдерге қорытынды тексерісті қабылдауға жіберілетін болады.