KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

16 мың шығысқазақстандық онлайн санақтан өткен

9.09.2021, 17:52 152

1 қыркүйегінде Қазақстанда ұлттық халық санағы басталды.

7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, ШҚО-да 16368 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 13932-сі sanaq.gov.kz сайтында, 2090 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 346 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысқан.

Айта кетейік, тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтіп жатыр. Шара алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтуде. 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді.
Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін 1-30 қазан аралығында қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып интервьюерлердің сауалдарына жауап беру мүмкіндігі болады. Интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы болмақ.
Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Алайда азаматтар сауалдардың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі, санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ, үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі ғана жауап беретін болады.
Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет. Азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив