Шығыс Қазақстанда тұрғындардың 97 пайызы санақтан өтті
Қазақстанда кезекті үшінші ұлттық халық санағы өткізілуде. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан санақтың соңғы кезеңіне өтті. Бұл туралы онлайн брифингте белгілі болды.
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев өз сөзінде санақ онлайн режимде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталғанын еске салды. Осылайша, Шығыс Қазақстанның 788 мыңнан астам тұрғыны немесе облыс халқының 58 пайызы санақтан өтті. Осы көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан республика өңірлері арасында бірінші орында тұр.
Сауалнама 1 қазаннан бастап планшеттерде оффлайн режимде үздіксіз жүргізіле бастады. Бүгінгі күні 533,5 мың адамға немесе облыс халқының жалпы санының 39 пайызына сауалнама жүргізді. Жалпы, бүгінгі таңда Ұлттық санақпен Шығыс Қазақстан тұрғындарының 97 пайызы немесе 1,3 млн адам қамтылған.
ШҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Берік Терлікбаевтың айтуынша, Абай ауданында деректерді жинау мерзімінен бұрын аяқталды. Осы көрсеткіш бойынша Катонқарағай ауданы екінші орында, онда санаққа 25 мың адам қатысты. Үшінші орында Шемонаиха ауданы, онда 49 мың тұрғынның санақ сұрақтарына жауап берді. Онлайн режимде ең көп қатысқандар Зайсан ауданының тұрғындары. Онда 37 мыңнан астам адам жаңа форматта санақтан өтті. Екінші орында Абай ауданының онлайн-санағы. Үздік үштікті Бесқарағай ауданы қорытындылады. Ұлттық санақ аяқталғанға дейін бірнеше күн қалды.
30 қазанда негізгі кезең аяқталады. Осы уақытқа дейін облыс тұрғындарын санақ алушылардың сұрақтарына жауап беруге немесе мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында онлайн-форматта санақтан өз бетінше өтуге шақырамыз.
– Біз халықтан бүкіл қоғамның қатысуын талап ететін осы іс-шараға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Барлық жиналған ақпарат елдегі және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды болжау, сондай – ақ алдағы жылдарға әлеуметтік саясатын жоспарлау үшін негіз болады, - деп атап өтті Алмасхан Сматлаев,