KZ
Өскемен
-28°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

«Айып тұрағында» қанша шетелдік көлік тұр?

24.08.2021, 10:04 287

Жыл басынан бері Шығыста шет мемлекеттердің есебінде тіркелген 143 автокөлік уақытша сақтау тұрақтарына қойылды. Себеп – жол ережесінің бұзылуы.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, тұрақтағы көліктердің 74-і иесіне қайтарылып берілді. 

«Шетелде тіркелген көліктер үш жағдайда қайтарылады: бірінші, автокөліктің иесі өзі келсе; екінші, Қазақстан азаматында шетелдік көліктің иесінің сенімхаты болса; үшінші, уақытша сақтау тұрағына қойылған себептері (өндірілмеген айыппұл, көліктің техникалық ақаулары) жойылса», – деп жазылған департамент ақпаратында. 

Айта кету керек, облыс аумағында шетелде тіркелген мемлекеттік нөмірі бірдей автокөліктер анықталған жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу