Халықаралық стандарттармен. Елдегі алғашқы теннис орталық Өскеменде салынып жатыр
Нысан Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салынуда. Теннис орталығының жалпы ауданы 9,6 мың шаршы метрді құрайды. Қазір іргетас дайын және жақтау жұмыстары жүргізілуде. Суық түскенге дейін орталық ғимараты толығымен салынады. Әрлеу жұмыстары жылы бөлмеде жүргізілуі үшін барлық коммуникациялар – жылу, жарық, су жүргізілді.
Орталықта 2 спорт залы болады. Бірі халықаралық стандарттарға сәйкес келесе, екіншісінде жаттығу залы болады. Осылайша, мұнда бір уақытта 250-ге жуық спортшы айналыса алады. Жарыс залында 18 теннис үстелі орнатылады, мүмкіндігі шектеулі спортшылар тобына арналған үстелдер де қарастырылған.
Бүгінде теннис – олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. Тек ШҚО-да 11 мыңға жуық спортшы 458 теннис секциясына қатысады. Жаңа орталық біздің теннисшілерге өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Мұнда медициналық-қалпына келтіру орталығы жұмыс істейтіні де маңызды. Біздің спортшылар заманауи медициналық көмек пен оңалтуды алатын болады.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, бүгінде Шығыс Қазақстанда спортқа ерекше көңіл бөлінуде.
– Біз ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортты бұқаралық спорт түріне айналдыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бұл-маңызды міндет. Бүгінде облыстың 15 елді мекенінде дене шынықтыру-спорт кешендері салынуда. Жүздеген балалар мен ересектер кәсіби және денсаулық үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, келесі міндет-жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру. Үш деңгейлі арнайы бағдарлама жасалды. Жаңа Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығара алатын жаттықтырушылар құрамының деңгейі мен шеберлігін көтеру үшін ТМД және алыс шетелдің жетекші мамандарымен шарттар жасалатын болады.