KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, З
441.41 477.78 4.84

«Бесқарағайда найзағайдан өрт шықты. Ресей Федерациясының аумағына таралып жатыр»

5.06.2021, 10:43 123

Өртте шекара жоқ. Сондықтан өрт апатына қарсы тұру үшін бірлескен іс-қимылдарды пысықтау маңызды.

Шығыс Қазақстанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің шектес аумағында ауқымды трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Екі елдің өрт сөндірушілерінің алдында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің Морозов филиалы Полян орманшылығы аумағында шартты орман өртін жою міндеті тұрды.

Оқу-жаттығудың мәні бойынша найзағай түсуінен өрт шыққан. Жоғарғы өрттің туындап және таралу қаупі туындады.  Жел екпіні 12,5 м/с жетіп, жақын маңдағы Ерназар ауылында, сондай-ақ Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Степно-Михайловский орман шаруашылығының іргелес аумағында өрт таралуына әкеп соқты. Осы ауылдардың тұрғындары жедел түрде эвакуацияланып, зардап шеккендерге ШҚО филиалы Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері көмек көрсетті.

Шартты өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысы құтқарушыларынан, орман шаруашылығынан, «Семей орманы» «Ертіс орманы», Табиғат пайдалануды реттеу және пайдалану басқармасы, 68303 әскери бөлімінен   55 адам және 164 техника қатысты.

IMG-20210604-WA0164.jpg

Жедел әрекет ету үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын іске қосты.

Отқа қарсы тұрған күрделі және көп сағаттық күрес, құтқарушылардың, екі жақтың орманшыларының күш-жігері 280 Га алқаптағы отты жоюға және оттың таралуына жол бермеді.

«Ірі орман өрттері кезінде іс-қимылдарды жетілдіруүшін осындай ауқымды оқу-жаттығулар қажет» - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Оқу-жаттығу үшін орынды сәйкесінше өтуге қиын, алуан түрлі биіктіктегі, құмды топырақпен және 280 Га алқаптағы орман жамылғысымен сипатталады. Өрт қаупі бар маусымның ұзақтығы жылына 204 күн.

- Шығыс қазақстанда жауынгерлік іс-қимылдар жүріп жатқан кезде Ресей тарапы онлайн режимде өртті сөндіру барысын қадағалап және өз қимылдарын үйлестірді. «Оқу-жаттығуларды өткізудің барлық шарттары шынайы  жағдайға жақын болды. Шекара маңындағы ауданда бірлескен жаттығулар өткізу төтенше жағдайлар бөлімшелерінің, Ресей мен Қазақстанның орман шаруашылығы табиғи өрттердің туындауына екі жақты дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Трансшекаралық өрттерді сөндіру екі елдің іс-қимылдарының үйлесімдік деңгейін көрсетеді. Төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттердің шекараларын кесіп өту мәселесі келісілді, бұл қауіпті тез жоюға мүмкіндік береді», - деді Ресей ТЖМ Алтай аймағы бойынша 9-өрт сөндіру-құтқару жасағының бастығы Юрий Волков

«Күштер мен құралдарды өсіру қалыптасқан жағдайға сәйкес және күштер мен құралдарды тарту жоспарларына сәйкес жүрді. Осындай ауқымды жаттығуды өткізу азаматтық қорғаудың жеке құрамына және құтқарушыларға, авиаорманқорғауға, орманшыларға елді мекендерге төнген қауіпті ескере отырып, орман және дала өрттерін сөндіруде өз шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берді» -деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив