KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Тарбағатайда бірқатар жоба жүзеге асады: әлеуметтік сала, инфрақұрылым, интернет...

22.08.2022, 10:20 112

Облыс әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданында әлеуметтік сала, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, интернетке қол жеткізуге байланысты жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.

– Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында мен бірінші кезектегі міндеттерді айқындауды тапсырдым, қазір құрамына барлық басқармалардың өкілдері кіретін комиссия бұл тізімді егжей-тегжейлі талдайды. Әрине, сумен жабдықтау бойынша бірқатар жобалар, сондай-ақ қажет болған жерде блокты-модульді станция желілерін төсеу және жөндеу іске асырылады, – деді аймақ басшысы.

Әкімнің айтуынша, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 156 үйдің 48-і Тарбағатай ауданының 9 ауылында салынады.

– Бұл жерде жас мамандар: дәрігерлер, мұғалімдер, ветеринарлар үшін тұрғын үй қарастыру маңызды. Шенгелдідегі мектептің құрылысына келетін болсақ, мұнда 18 қыркүйекке дейін қолайлы типтік жобаны таңдап, келісімшарт аясында құрылысты бастау керек. Аудан тұрғындарын интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету үшін антенна-діңгек құрылыстарын орнату бойынша жұмыс басталды. Бұл мәселе бейінді министрлікпен де пысықталуда. Көптеген басым жобаларға жобалық-сметалық құжаттар дайын екені қуантады, – деді ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив