KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Пітір садақаны Kaspi Gold арқылы беруге болады - Ермек қажы Мұқатай

22.04.2020, 03:46 195

Қасиетті Рамазан айы биыл 24 сәуірден басталады. Muftyat.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшалардан ораза кестесін жүктеп алуға болады. Бұл туралы бізге Өскемен аймағының бас имамы Ермек қажы Мұқатай айтып берді.

- Рамазан айы – жақсылық айы. Әлемде індет жайылып, төтенше жағдай қалыптасып отыр. Соған байланысты және індеттің таралуына жол бермеу мақсатында жұма намазы және бес уақыт намаз, тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда ауызашар беру уақытша тоқтатылады. Сондықтан ауызашарға жұмсалатын шығындарды жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік ретінде үлестіру, ауызы берік адамдарға тамақ тарату немесе қаражатты сауапты іске арнау құба-құп. Осы бағытта «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен жүрек жылуы акциясы ары қарай жалғасын табады, - деді Ермек қажы Мұқатай.

Алдағы уақытта «Халифа Алтай» облыстық мешітінде үш уақыт онлайн дәрістер, ақшам алдында уағыз онлайн режимде өтеді деп жоспарлануда.

- Пітір садақаны Kaspi Gold және «Халық» банкі қосымшалары арқылы онлайн түрде беруге болады. Пітір садақа мөлшері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа және шариғат бөлімінің мамандарының бекітуімен 370 теңгені құрады, - деді Ермек қажы Мұқатай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив