Бір үйір жылқы табылды - ШҚО
Семей қаласының тұрғыны «Алматы- Семей» тасжолының бойындағы еркін жайылымнан жоғалып кеткен 14 бас жылқыны іздеуге көмек көрек деп семейлік полицейлерге хабарласқан.
Жоғалған малды жылқышы өз күшімен іздеген, алайда одан нәтиже болмаған. 5 тәулік ішінде Көкентау ауылдық округі аумағынан, яғни мал жоғалған жерден 60 шақырым қашықтықта табылды.
- Үйір иесіне қайтарылды. Әр жылқының құны 400 000 теңгеге бағаланып, жалпы шығын 5 600 000 теңгені құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Оқи отырыңыз