KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Зейнетақыға үстемақы қосылады деген ақпарат тарап жатыр. Рас па?

9.04.2021, 16:43 242

WhatsApp мессенджерінде мамырда барлық зейнеткердің зейнетақысына 40 мың теңге үстемақы қосылатыны туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды StopFake.kz.
Хабарламада Президент тиісті Жарлыққа қол қойғаны айтылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мамырдан бастап зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы төленетіні туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамада зейнетақыға үстемақы мен қосымша ақы төлеу қарастырылмаған. Қазіргі уақытта зейнетақы үш бөліктен тұрады: базалық, ортақ және жинақтаушы зейнетақы", - деп түсіндірді ведомство өкілі. 

Бүгінде зейнеткерлік жасқа толған қазақстандықтардың мынадай төлемдерге құқығы бар:
зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (1998 жылға дейін де, осы күннен кейін де) зейнетақы жасына жеткен барлық адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 100 пайызына дейінгі мөлшерде берілетін базалық зейнетақы төлемі);
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілі болған кезде ынтымақты зейнетақы (мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы алдындағы кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты);
қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері (олар таусылғанға дейін).
Министрлік халықты жалған хабарламаларға назар аудармауға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив