KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда коронавирустың "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" мутациясы расталды

27.03.2021, 15:19 226

Қазақстанда SARS-CoV-2-нің "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" мутациясы анықталды. Бұл туралы Алматыдағы Халықаралық вакцинология орталығының басшысы Қайсар Табынов мәлімдеді. 
19 наурызда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда COVID-19 талдауының үлгілерінде "ұлыбританиялық", "оңтүстікафрикалық", "бразилиялық" штамдарға ұқсас мутациялар анықталғанын хабарлаған болатын.

"Аталған мутациялардың бар екенін растау үшін бұл үлгілер ҚазҰАЗУ халықаралық вакцинология орталығына берілді. Университет қызметкерлерінің, сондай-ақ TreeGene генетикалық зертханасының жедел және үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде COVID-19-ға оң нәтиже көрсеткен екі үлгінің толық S гені жүйеленді", - деді Табынов. 

Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері бір S үлгісінде геннің құрамында B.1.1.7 "ұлыбританиялық штамына" тән амин қышқылдарының алмастырғыштары мен амин делекциясы бар екенін көрсетті. Екінші сынамада S генінде "оңтүстікафрикалық штамға" тән B. 1.351 аминқышқыл алмастырғыштары мен аминқышқыл делециялары бар.

"Осылайша, Қазақстанда ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық мутацияға ұшыраған SARS-CoV-2 вирустары анықталды. Мұндай мутациясы бар вирустар жұқпалы болатыны белгілі", - деді ғалым.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу