KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктіріледі

17.07.2020, 10:44 128

Қазақстанда 1 тамыздан бастап коронавирус және пневмония ауруларының статистикасы біріктіріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Министр коронавирустан бөлек пневмонияға шалдыққан науқастардың көбейгенін атап өтті. Бірақ пневмониямен түскендердің ПТР-тесті COVID-19 инфекциясын көрсетпей жатады. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі науқастарды тіркеудің жаңа тәсілін енгізуге шешім қабылдады.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросымен консультация өткіздік. Соның негізінде COVID-19 жағдайларын халықаралық классификацияның жаңа кодтары бойынша тіркеуге шешім қабылдадық. Осылайша, зертханада расталған коронавирус жағдайлары ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмониялармен біріктіріледі", - деді Цой онлайн брифингте.

Министр 12 шілде күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан COVID-19 жағдайларын жаңа форматта тіркеуге қатысты ресми хат келгенін хабарлады.

"Осы уақытқа дейін Қазақстанда зертханада расталған COVID-19 жағдайлары ғана тіркеліп келді. Әлем елдерінің көбісі солай істейді. Алайда маусымның үшінші тоқсанынан бастап вирустық пневмониялар көбейіп кетті. Оның қоздырғышы да анықталмады, яғни, зертханада нақтыланған жоқ. Енді, COVID-19 жұқтыру және одан қайтыс болу туралы статистика екі мәліметке негізделеді. Олар – зертханада расталған жағдайлар және нақтыланбаған, бірақ коронавирусқа ұқсас вирусты пневмониялар", - деп түсіндірді Цой.

Қазақстанда науқастарды тіркеудің жаңа тәсілі 1 тамыздан бастап қолға алынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив