Алтай қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Рейдтік іс-шаралар барысында Алтай қаласы полиция бөлімшесіне учаскелік полиция инспекторы көше қиылысында 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «Мазда» автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру барысында 2020 жылдың маусым айының соңында 37 жастағы жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сондай-ақ, тексеру барысында ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрған, одан әрі полиция қызметкері жүргізуші медициналық куәландырудан өту үшін Алтай қаласының ІІБ-ге жеткізілді. Оған сәйкес алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесін көрсетті.
- Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД Баспасөз қызметі.