KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.58 480 4.86

Трамвай тек тура жүре бермейді. Қалың қардағы көмек

4.02.2021, 12:42 190

Өскеменде кешелі бері қар толассыз жауып, жағдай қиындап кетті. Қаланың шеткі шағын аудандарын қойып, орталығында тұрғындар омбы қардан аялдамаға жете алмай, көліктері батып қалып жүр.

Дәл осылай Шәкәрім көшесінде тасжолға шыға алмай, қалың қарға батып қалған көліктің бірін №4 бағыттағы трамвай алып шыққан. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.


- Жігіттер бағалап жіберсеңдер, бірде бір көлік тоқтамап еді, трамвайды тізгіндеп отырған әйел тоқтап, сүйреп жатыр, - дейді бейнежазба авторы.

Видео авторының айтуынша, батып қалған қызыл түсті көлікті алып шығуға көмекке бірде бір көлік тоқтамаған.

-  Көлікті трамвай сүйреп жатқанын бірінші рет көруім. Ол үшін жүргізушіні жазаламайтын шығар деп ойлаймын, себебі қазіргі ауа райын барлығы көріп отыр, - деп пікір қалды Әділет есімді әлеуметтік желі қолданушы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив