KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Киізден жасалған аяқ киім. ШҚО тұрғыны грант алып, кәсіп ашты

21.01.2021, 11:38 124

Соңғы кездері адамдардың көпшілігі тауарларды қолдануда табиғи әрі экологиялық таза өнімдерге басымдық беруде. Сондықтан киізден жасалған бұйымдардың танымалдығы күн сайын артып келеді. Мәселен, киіз өнімдерін дайындайтын кәсіп түрінің ашылуы Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының тұрғыны Максим Богомолов үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Максим Богомолов "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында 2019 жылдың қазан айында 505 000 теңге сомасына киіз өнімдерін дайындауға грант алды және орама киізді өңдеуге арналған машина сатып алды.

"Бұл мүмкіндік мені тек қана тәуелсіз етіп қоймай, отбасыма табыс әкелуге мүмкіндік берді", - дейді жас кәсіпкер.

Максим өз бизнесін алға жылжыту үшін киізден жасалған аяқ киім жасайды

"Біз жас кәсіпкерге табыс және одан әрі даму тілейміз. Жалпы, біздің ауданда "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасы бойынша 38 адам өз ісін бастауға әрқайсысы 200 АЕК-тен грант алды. Жалпы сомасы – 21,1 млн.теңгені құрайды", - деді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова

Грант алғандардың қатарында көпбалалы 23 отбасы өкілі, 4 АӘК алушы, 3 жас, сондай-ақ 6 жұмыссыз және 2 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бағдарламаның арқасында олар өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асырып, жеке ісін ашты.
Сонымен, қатысушылардың көпшілігі ірі қара, ұсақ мал, шошқа, құс, кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар өсіруді қолға алса, кейбір грант иегерлері қызмет көрсету үшін жабдықтар сатып алды, олардың ішінде: шаштараздар, визажистер, тігіншілер. Қатысушылардың бірі суреттерді матаға көшіру үшін 3Д принтер сатып алды.
Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өте пайдалы,- деп атап өтті жергілікті әкімдікте.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу