KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 0,8 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Глубокое тұрғыны грант алып, "СТО" ашты

19.02.2021, 15:34 154

Глубокое ауданы Степное ауылының тұрғыны Виталий Алиев бала кезінен көлік құрастыруды жақсы көрді. Енді мемлекеттің қолдауына ие болып, өзінің техникалық қызмет көрсету станциясын ашып отыр.

Виталий Алиев 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнес негіздеріне оқыту курсынан өтті. 550 мың теңге гранттық сомаға форсункаларды жууға арналған стенд, отын жүйесін жууға арналған аппарат, қозғалтқыштарды басқару блогына және қате жүйелерді оқуға арналған бағдарламашы, сондай-ақ қысқа тұйықталу тестері сияқты құрал-жабдық сатып алды.

"Бүгінгі таңда Виталийдің жұмысына риза өз клиенттері бар. Олар көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағасына қанағаттанады. Жас кәсіпкерге өркендеу мен үлкен табыс тілейміз!"- деді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова. 

Айта кету керек, Виталий Әлиев – гранттық қаражаттың арқасында өз ісін аша алған жалғыз адам емес. "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты бойынша "Бастау Бизнес" жобасы аясында 2 мыңға жуық шығысқазақстандық бизнес негіздеріне оқытылды.

"Еңбек" бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті несиелендіруге 4,4 млрд.теңге қарастырылған. 4,4 млрд. теңге сомасына 961 микрокредит берілді, бұдан басқа, 2019 жылдың қаражатынан 0,3 млрд.теңге сомасына 27 кредит берілді. Барлығы 4,7 млрд. теңгеге 988 шағын несие берілді. теңге", - деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив