Сайлау 2021: Таң бозарғаннан бері адам қарасы қалың - Өскемен
Өскемендегі № 32 орта мектепте орналасқан № 110 сайлау учаскесінде таң бозарғаннан бері адам қарасы қалың. Осылайша облыс орталығының тұрғындары өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асырып жатыр.
- Үнемі сайлауда өз таңдауымды жасап келемін, - дейді Иван Киселев. – Мен үшін бұл қадам жарқын болашаққа бастайды. Барлық шығысқазақстандықтар дауыс беруге жауапкершілікпен қарап, сайлау учаскелеріне келіп, елдің болашағы үшін дауыс берсе, керемет болар еді
Айта кетейік, № 110 сайлау учаскесінде дауыс беру үрдісі әлеуметтік арақашықтық сақтау, маскалық режим, дене қызуын өлшеу сынды барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен өтіп жатыр. Кіреберісте санитайзерлер қойылып, дауыс берушілерге бірреттік маска мен қолғап беріліп жатыр.