"Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр" – Шағала Масалова, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, Өскемен
Өскемендегі №47 орта мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесінде дауыс беру ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы сайлау комиссиясының төрағасы мәлім етті. Оның айтуынша, учаскеде барлығы 2471 сайлаушы тіркелген.
- Дауыс берушілердің, ұйымдастырушылардың көңіл күйлері тамаша. Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Учаскеде дене қызуын өлшеу, арақашықтық сақтау сынды санитарлық талаптар сақталудаү Қажеттілігіне қарай келушілерге маскалар да таратылып жатыр, - дейді Өскемендегі №2 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Шағала Ануарбекқызы.
Жергілікті сағат 9-ға дейін келуі тиіс екі жарымға жуық адамның 105-і дауыс беріп үлгерді.
- Өз таңдауымды жасадым. Сайлаудан кейін елімізде үлкен өзгеріс күтемін. Халықтық әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы көтерілсе деймін, әсіресе ауылдық жердің қазір жағдайы мәз емес, - дейді Өскемен қаласының Серік есімді тұрғыны