KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Пышақпен қорқытып, АЗС-ті тонаған– Өскемен

2.12.2020, 17:35 144

ШҚО полицейлері ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Ағымдағы жылдың қараша айында Өскеменде Полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы жанармай құю станциясының бірінде кассир болып жұмыс істейтін 47 жастағы әйел адам қоңырау шалып, маска киген белгісіз адам пышақпен қорқытып, кассалық аппараттан 350 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты ұрлағанын хабарлаған.


- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 23 жастағы ешқайда жұмыс істемейтін жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Заттай дәлелдемелер (ақшалай қаражат) ішінара алынды.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлімі 3-тармағы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу