"Қоңырау шалып алайыншы". Өскеменде ер адам бөгде біреудің телефонын иемденіп алған
21 ақпанда Өскемен қ. ПБ – ның «102» жедел арнасына 47 жастағы әйел адам ұялы телефонының ұрланғаны туралы хабарлаған. Үйлердің бірінің баспалдағында бейтаныс адам одан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, оны иемденіп алғаны мәлім болды. Жәбірленуші келтірілген шығынды 50 000 теңгеге бағалаған.
- Жедел- іздестіру іс – шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 39 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады, ол тергеу барысында мойындау көрсетпелерін берді. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190 – бабы 1 – бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.