Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына 5 миллиард теңге бөлінді
Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысын 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Биыл нысан құрылысына тағы 5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазіргі күні Бұқтырма су қоймасындағы құрылыс тоқтаусыз жүріп жатыр. Десе де, құрылыс жұмыстарына бөлінген 5 миллиард теңге жеткіліксіз.
Айта кету керек, аталмыш өткел Қазақстандағы ең ұзын көпір болмақ. Оның ұзындығы 1300 метрден асады. Ең ұзын көпір 2024 жылы желтоқсан айында тапсырылуы тиіс. Тәулігіне 20 мыңнан астам автокөлікті өткізе алады. Сондай-ақ көпір Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарының логистикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.