KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
489.36 533.45 4.99

Дубай билігі ішімдік тұтынуға рұқсат берді

17.07.2019, 06:10 440

Дубай билігі туристер үшін алкогольге тегін 30 күндік лицензия енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды «Khaleej Times» басылымы. Бұл туристерге заңды бұзбай, Әмірлік аумағында еш қиындықсыз алкоголь сатып алуға және тұтынуға мүмкіндік бермек.
«Лицензияны алу үшін «Maritime and Mercantile International» дүкеніне төлқұжатпен және турист мәртебесін растайтын толтырылған формамен келу қажет. Лицензия алу үшін турист мұсылман болмауы керек және 21 жастан үлкен болуы тиіс» деп жазады дерек көзі.
Айта кетейік, Дубайда ішімдікті заңды сатып алу, тасымалдау, пайдалану және сақтау үшін лицензия қажет. Бұл ретте басылымның жазуынша, арнайы мекемелер – барлар мен мейрамханаларда алкогольді пайдалану үшін формалды түрде ғана лицензия қажет екен, ал іс жүзінде оны ешкім талап етпейтін көрінеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив