Полиция қызметкерлері үшін күтпеген құттықтау - ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Жаңа жыл қарсаңында сол жағалаудағы полиция бөлімшесіне арнайы барып, кезекші қызметкерлерге жылы лебізін жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкім құқық қорғау органдарының өкілдеріне адал еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, мереке күндері олардың арқасында тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығы сақталатынын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, өңір басшысының құттықтауы полиция қызметкерлерінің еңбегіне деген құрмет пен алғыс сезімін айқын көрсетті. Жаңажылдық қызмет кезінде полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, облыс тұрғындарының қауіпсіздігі үшін тәулік бойы жұмыс істеуін жалғастыруда.