ШҚО-да 300-ден астам құтқарушы Жаңа жыл түні кезекшілік етті
Бүгін Жаңа жыл түнінде Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бүкіл гарнизоны күшейтілген режимде жұмыс істеуде, оның ішінде 300-ден астам қызметкер кезекшілікте, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ведомство басшыларымен бірге Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің арнайы жасағына барып, қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Кездесу барысында аймақ басшысы құтқарушыларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.
Құтқарушылардың айтуынша, Жаңа жыл түні пәтер балконына отшашу кездейсоқ түсіп, өрт шыққан. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында өрт пәтердің ішіне тарамай тұрып сөндірілген.
Айта кетейік, осы түні кезекшілікке 300-ден астам полиция қызметкері шықты.