Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Pexels.com
"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, 2-3 қаңтар күндері батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын, көктайғақ байқалады. Күндіз де жауын-шашын, көктайғақ жалғасып, солтүстік пен шығыста қатты қар жауады. Кейбір жерлерде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні кей аумақтарда 23 м/с жетуі мүмкін,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді.
–Қыс мезгіліне бейімделмеген көлікпен жолға шықпаған дұрыс. Құтқарушылар жолға жиналмас бұрын қажетті заттарды қамдап, жылдамдық пен сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. Қатты жел кезінде ғимараттарда қалған жөн, желден қорғану үшін қауіпті жерлерден аулақ болу керек. Үзілген сымдарға жақындамау, көлікті ағаштардың астына қоймау ұсынылады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне хабарласу қажет,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз