Өскемен қаласындағы Республика алаңында жаңажылдық концерт өтуде
Өскемен қаласының Республика алаңында жаңажылдық концерт қызу өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары «Ғалам сағаты» деп аталатын жарқын шоуды тамашалауда, мұнда ертегі кейіпкерлері мен ғарыштық зодиак белгілері ерекше атмосфера сыйлады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мерекелік көңіл-күй алаңның барлық жерінде байқалады. Қала тұрғындары жақындарымен, балаларымен суретке түсіп, би билеп, мерекеден ерекше әсер алуда.
Сахна төрінде қала тұрғындарына танымал ұжымдар мен әртістер өнер көрсетуде: «Дарабоз» дуэті, «Ладушки» ансамблі, «Ұшқын» тобы, «Инкоро» және «New Шығыс» вокалдық топтары, сондай-ақ әншілер Данияр Жәутіков, Әсем Рыспаева және басқалар да бар.
Жаңажылдық концерт ШҚО әкімі Ермек Көшербаев пен қала әкімі Алмат Ақышовтың құттықтау сөздерімен жалғасады. Ал түнгі сағат 00:00-де үлкен экраннан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық жолдауы көрсетіледі. Мереке 01:00-де отшашумен аяқталмақ.
Айта кетейік, биыл облыс орталығындағы мерекелік бағдарлама қаланың төрт алаңында өтуде: Республика алаңында, Үлбі өзенінің жаңа жағалауында, Коменданткада және «Өскемен» аллеясында.
Фото: Махаббат Ахметжанова,
Данияр Сагидолдин