KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

2024 жылғы грант пен стипендия өсімі қандай болды?

Pexels.com

31.12.2024, 15:00 428 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанның жоғары білім жүйесі қарқынды дамып, маңызды реформалармен толықтырылып келеді. Бүгінде елімізде 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, олардың қатарында ұлттық, мемлекеттік, халықаралық, акционерлік және жекеменшік білім беру ұйымдары бар. Бұл оқу орындарында 642,5 мыңнан астам студент білім алуда, оның 255,6 мыңы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жыл сайын оқу орындарынан 182,6 мың түлек шығады. Оның ішінде:

  • Бакалавриат – 157 мың,
  • Магистратура – 21 мың,
  • Докторантура – 1,8 мың,
  • Резидентура – 2,1 мың адам. 

Профессор-оқытушылар құрамы 37,4 мың адамды құрайды, олардың 46,5%-ы ғылыми дәрежеге ие. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге өскен.

2024-2025 оқу жылында грант саны артты. Жалпы 94,2 мыңнан астам грант бөлінсе, оның ішінде:

  • 78,2 мыңы – бакалавриатқа,
  • 13,1 мыңы – магистратураға,
  • 2,9 мыңы – докторантураға арналған.

Жаңа облыстардың және халық тығыз орналасқан аймақтардың жастарына жыл сайын 5 мың нысаналы грант беріледі. Сонымен қатар, этникалық қазақтар арасынан грант иеленушілер саны 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артты.

Денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында резидентура гранттары 70%-ға ұлғайтылды. Су шаруашылығы мамандарын даярлау үшін «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» құрылды.
2024-2025 оқу жылында ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар пилоттық жоба ретінде енгізілді. Алғаш рет педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар мамандықтары бойынша 300 сараланған грант ұсынылды.

Стипендия мөлшеріне де өзгерістер енгізілді:

  • Бакалавриат – 47,1 мың теңге (20%-ға артты),
  • Педагогикалық ғылымдар – 75,6 мың теңге,
  • Магистратура – 107 мың теңге,
  • Докторантура – 240 мың теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу