Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек
Фото: adebiportal.kz
Биыл белгілі қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толды.
Осыған байланысты қазақ және балалар әдебиетінің классигінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Белгілі қаламгер "Менің атым - Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Өлгендер қайтып келмейді" туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеп, балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман қалдырды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдығы тойлана бастады. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға берілмек, - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Оқи отырыңыз