KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Тоқаев қазан айында Шығыс Қазақстанға келеді

7.09.2020, 06:02 118

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келеді.

Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті Ақордада қабылдағанын және жақын арада ШҚО-ға іссапарпен баратынын жазды.

- Кеше ШҚО әкімі Д.Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Семейдегі Абайдың мұражай кешені, ақынның туған және өмір сүрген жеріндегі нысандардың барлығы толықтай жаңғыртылды. Облысқа қазан айында жұмыс сапарымен барып, нысандарды аралап көремін, - деп жазды Қасым-Жомар Тоқаев.

Биыл Қазақстан ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтуде. Өткен жылы мемлекет басшысы айтулы датаны кең көлемде атап өтуге бұйрық берген болатын.

Ақынның мерейтойын атап өту үшін 3,2 млрд теңге бөлінді, бірақ коронавирус індетіне байланысты бірқатар смета құны төмендеді. Соған сәйкес, жоспарланған кейбір шаралар да өтпей қалды.

Ал мұражай, кесенелердің және ұлы ақынның өмір сүрген және жұмыс істеген нысандардың барлығында  жоспарланған құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу