KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
524.66 550.21 5.09

Тоқаев Алматыға тағы бір статус беруді ұсынды

Фото: kapital.kz

4.07.2023, 23:50 232 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялауды ұсынды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде сөйлеген сөзінде Тоқаев туризмді елдер мен халықтарды жақындастырудың ең тиімді құралдарының бірі деп атады. Президенттің айтуынша, ШЫҰ кеңістігі әлем халқының 45 пайызын қамтиды және әлеуеті әлі іске асырыла қоймаған үлкен туристік нарық болып саналады.

"Қазақстан бұл бағытта кешенді шараларды қолға алып жатыр. Өткен жылдан бастап біз Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгіздік, бұл біздің мемлекеттер арасындағы өзара туризмді дамытуға септігін тигізеді. Қазақстан төрағалық ету кезеңінде ШЫҰ-да мен Алматыны Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының туристік және мәдени астанасы деп жариялауды ұсынамын", – деді Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу