Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда
Бүгін жарыс жолына шыққан Ғұсман қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Париж төрінде дзюдодан ел қоржынына алтын медаль салған Елдос Сметовтің жеңісті жолын Ғұсман Қырғызбаев жалғастыра ала ма? Қазір қазақстандық жанкүйерлердің көбін осы сұрақ мазалайтын сияқты.
Дүбірді додада 66 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан дзюдошы ширек финалда жарыс қожайыны француз Валид Хиярды жеңді. Кездесу барысында біздің балуан шидо саны бойынша жеңіліп жатқан болатын, алайда белдесу соңына қарай белсенді қимылдап, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Сөйтіп Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалында белдеседі.