Париж-2024: Екі семсершіміз 1/8 финалға шықты

olympic.kz
Бүгін Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық семсершілер жекелей сында жарыс жолына шыққан-ды. Олардың бірі Вадим Шарлаимов келесі кезеңге өте алмай қалса, екеуі 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп жатқан Руслан Курбанов алғашқы кездесуінде марокколық Хуссам Элкордтан басым түсті. Қорытынды есеп – 15:13. Ол келесі кезеңде Олимпиада чемпионы, француз Ромен Каннонмен шеберлік байқасады.
Сол сияқты тағы бір спортшымыз Эльмир Әлімжанов та өзінің алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 1/16 финалда жарыс қожайыны Луиджи Миддлтоннан 15:14 есебімен басым түсті.
Өкінішке қарай, Вадим Шарлаимов Париждегі екінші жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберіп алды.