KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Ғалымдар қатерлі ісік жасушаларын жоятын вакцинаны ойлап тапты

depositphotos.com

21.10.2024, 11:30 140 Ержан Әбіш

АҚШ-тың Колумбия университетінің ғалымдары онкологиялық ауруларға қарсы тиімді құрал – ағзаны рак жасушаларын жоюға бағдарламалайтын вакцинаны жасап шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz Vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

Жасап шығарушылардың айтуынша, жекелендірілген вакцина пробиотикалық бактериялар негізінде жасалған. Олар модификацияланған жасушаларды жеткізіп, ағзаны рак жасушаларын жоюға "үйретеді". Бактериялық вакцина әр түрлі ісік түріне жеке жасалады.

"Бұл микробтық қатерлі ісікке қарсы вакциналар әр адамға арнайы бейімделіп, бастапқы ісік пен метастаздарға қарсы күресуге болады", – делінген университеттің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, бұл вакциналар болашақта онкологиялық аурулардың қайта пайда болуын да болдырмауға мүмкіндік береді деп айтылған.

Жаңа әзірлеменің алғашқы зерттеулері колоректалды рак пен меланоманың агрессивті түрі бар тышқандарға жүргізілді. Вакцина кеміргіштердің иммундық жүйесін күшейтіп, бастапқы ісік пен метастаздардың өсуін басуға көмектесті. Көптеген жағдайларда бактериялар сау ағзаларға әсер етпестен, рак жасушаларын жоя алды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу