KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қазақстандық вакцина қандай технология бойынша жасалған?

27.01.2021, 11:18 135

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы тексерілді. Оның барлық компоненттері сенімді. Себебі олда басқа вакциналар сияқты сынақтан өткізілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Закон кз-ке сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, оның құрамындағы барлық компоненттер басқа вакциналарда да кездеседі. Құрамындағы жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус болып табылады. Сондықтан да вакцина толықтай қаупсіз.

-              QazCovid-in басқа да вакциналар сияқты, яғни дәстүрлі болып саналады. Оның дайындалу технологиясыныңда олардан еш өзгешелігі жоқ. Сондықтан да қауіпсіз болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш вакцина адамға мықты иммунитет қалыптастыруға көмектеседі. Вакцинаны дайындау үшін қолданылатын компоненттер, жылдар бойы, тіпті ондаған жылдар бойы сыналды. Олар мүлдем зиянды емес. Сондықтан да біз вакцинаны жасау барысында белсенді емес түрін таңдадық, - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ жетекші ғалым-вирусологы, профессор Леспек Кутумбетов.

БҒМ хабарлауынша, QazCovid-in вакцинасы клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Каринге, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге салынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу