KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қатерлі ісікке қарсы жасалған жаңа вакцина айтарлықтай әсер танытты

17.06.2019, 11:41 235

АҚШ-тағы шағын клиникалық зерттеулер барысында тәжірибелік вакцинаға сынақ өндірістік сынақ жүргізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.  Лимфомамен ауыратын науқастарда вакцинадан кейін тұрақты және ұзаққа созылған ремиссия кезеңі басталыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі anamed.kz медициналық жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Nature Medicine журналында жарияланып отыр.

Нью-Йорктегі Маунт Синай ауруханасында препарат 11 науқасқа сыналды. Нәтижесінде кейбір науқастардың ауруының беті қайта бастаған. Эксперименталды емдеу кезінде үш науқастың тек ісіктері ғана жойылып қана қоймай, ағзаларының басқа бөліктеріне шабуылдаған қатерлі түзінділері де жоғалып кеткен екен.

Ғалымдар жаңа әдісті тек шартты түрдегі вакцинация деп атап отыр. Ол қатерлі ісіктің дамуына кедергі жасамайды, бірақ иммундық жүйені ісікке қарсы қойып, бұзылуына ықпал етеді. Осы зерттеудің жетекші авторы, лимфоманың иммунотерапия бағдарламасының директоры Джошуа Бродидің айтуынша, бұл емді қатерлі ісіктің басқа да түрлеріне де қарсы қолдануға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу