KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

«Болашақ» түлектеріне шетелде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін

pexels.com

8.11.2024, 15:00 95 Гульжан Мусина

«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу қағидаларын және халықаралық «Болашақ» стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» қаулы жобасы жарияланды. Ғылым министрлігі «Болашақ» стипендиясы түлектеріне Қазақстанға қайтып, міндетті түрде еңбек өтілін өтеуді емес, шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік беруді жоспарлауда. Түлектер БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ сынды халықаралық ұйымдарда еңбек ете алады,- деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі.

Министрліктің жобасына сәйкес, «Болашақ» түлектеріне Қазақстан мүддесін халықаралық аренада ілгерілету үшін шетелдік ұйымдарда жұмыс істеуге рұқсат беру ұсынылуда. Сондай-ақ, акциялары Қазақстанға тиесілі компанияларда, не халықаралық келісімдері бар ұйымдарда жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

2024 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінген: магистратура және резидентураға – 395, докторантураға – 50, тағылымдамаларға – 110 орын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу