KZ
Өскемен
-10°
плотный туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Түркияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Фото: Anadolu Agency / Contributor/ Getty Images

11.08.2025, 10:00 908 Төлеуғазы Жансая

Түркияның солтүстік-батысында 10 тамыз кешкісін магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Оқиға Балыкесир провинциясында болған. Жер асты дүмпулерінің салдарынан бір ғимарат толық қирап, тағы 24 нысан зақымданған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Түркия Ішкі істер министрлігінің дерегінше, төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, кемінде 29 адам жараланды. Министр Әли Ерлікайдың айтуынша, үйінді астынан құтқарылған 81 жастағы ер адам ауруханада көз жұмған. 

Қазір провинцияда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. AFAD мәліметінше, апат орнына 300-ден астам құтқарушы тартылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу