KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
501.49 525.71 5.77

ШҚО-да өрттен үш адам қаза тапты

шартты сурет

16.03.2023, 10:15 177 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында өрттен үш адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға 15 наурызда Жаңа Бұқтырма кентінде болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

№20 өрт сөндіру бөліміне түн жарымында куәгерлер хабар берген.

«Өрт төртінші қабаттағы пәтерде болды. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар жатын бөлмеден үш адамның мәйітін тапты. Бұлар пәтер иесі мен оның қонақтары болып шықты», - деп мәлімдеді Алтай ауданы ТЖБ аға тергеушісі Антон Козубов.

Қаза тапқандар – 47 жастағы екі ер адам және 45 жастағы әйел. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, үшеуі оқиға болған түні ішімдік ішкен.

Алтай ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу