KZ
Өскемен
+1°
снег жел 6 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша әлемде алтыншы орында тұр – Ranking

Фото: slovoidilo.ua

7.02.2024, 11:03 178 Оразай Жеңісұлы
Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша бірден елу сегіз сатыға көтерілді. Дәл қазір жүз елдің ішінде алтыншы орында тұр. Бұл туралы Ranking сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл елімізде 123 жер сілкінісі тіркелген. Ең жоғары магнитуда 7 балл – бұл осы жылдың қаңтар айының соңында Алматыда болған жер сілкінісі. 2023 жылы Қазақстанда небәрі 55 жер сілкінісі тіркеліп, ең жоғары магнитуда 5,3 болған.

Қазақстандағы кейінгі жер сілкінісі 2 ақпан күні таңертең Таразда тіркелді, оның магнитудасы 4,4 балл болды.

Елімізде ең жойқын жер сілкінісі 1911 жылы 3 қаңтарда болды. Магнитудасы 7,8 балл еді. Бұл зілзала барлық мемлекет арасында 23-ші орында тұр. Жер сілкінісі, шамамен, 4 миллион шаршы шақырым аумақта сезілді. Геолог Богдановичтің айтуынша, жер сілкінісінен 452 адам қаза болып, 740 адам жараланған, 1 094 үй ​​мен 4 545 киіз үй қирап, 13 мыңға жуық мал қырылған.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу