KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өскемен: Ушанов алаңындағы аялдама кешені сүрілді

Сурет: Altaynews.kz

12.04.2023, 16:59 233 Ләззат Қанатқызы

Кеше Назарбаев даңғылындағы «Ушанов алаңы» аялдамасы мен оған іргелес дүкен толықтай сүрілді.

Жақын уақытта орнына жаңа аялдама кешені орнатылмақ, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Аталған аялдама мен дүкенді негізінен кәсіпкерлердің бірі жалға алған болатын. Алайда жалдау мерзімі аяқталғандықтан жер комиссиясы оны мүлде алып тастау туралы шешім шығарған.

 Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін уақытша аялдама кешені қойылады. Ал жаңасы апта соңында орнатылады. Биыл қаладағы 40-тан астам аялдаманы ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бірнеше жылы аялдама кешені жабдықталады, дейді қалалық ТҮКШ бөлімі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыс орталығында 54 аялдама жаңартылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив