KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Өскемендегі Жыланды кентінің жолдары жөнделеді

Фото: Шығыс ақпарат

13.04.2023, 14:56 239

Бүгін облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар аталмыш кентке арнайы барып, Подгорная көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жолға жауапты мердігер компания «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС жұмысшылары жалпы ұзындығы 450 метр болатын аумақты тегістеп, кеңейтіп, екіжолақты алфальтты жол салмақ. Нысанды тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 15 маусымына белгіленген, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін бұл көшеде тас жол болмаған, көшедегі отызға тарта үйдің тұрғындары қыста қар басып, көктемде батпаққа айналатын жолдың азабын тартып келген-ді. Қала әкімімен кездесу барысында кент тұрғындары түйткілді мәселені оң шешкені үшін облыс пен қала әкімдеріне ризашылықтарын білдірді.

 

– Кент Ертістің жағасында, жақсы жерде орналасқан. Алайда қоғамдық көлік жағынан проблема бар. Тек №250 маршруттағы шағын автобус қана қатынайды, оның өзі сирек жүреді. Бар-жоғы үш көлігі ғана бар. Содан соң кентте әлдеқашан қурап қалған үлкен ағаштар бар. Ертең жел соқса сынып, тұрғындарға, үйлерге, көліктерге қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар мына темір жолдың бойында кенттің арғы жағындағы көшелерге өтетін, өзіміз қолдан жасаған кішкене көпір бар. Ол да апатты жағдайда тұр. Соны жөндеуге көмектессеңіздер екен, – деді Жыланды кентінің Людмила есімді тұрғыны.

Өз кезегінде қала әкімі автобус мәселесі шешілетіндігін, ал көпірді жөндеу үшін алдын ала мамандармен барып зерттеп көру керектігін жеткізді.

– Айтқан мәселелеріңіз маған жақсы таныс. Бәрі ретімен шешіледі, осында бірге келген тиісті қалалық бөлімдер басшыларына тапсырма беріледі. Биыл бәрі ойдағыдай аяқталса, көшені жөндеуге келесі жылы тағы да қаржы бөлеміз. Қыста қардан да тазартамыз. Қоғамдық көлік мәселесін де реттейміз, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив