KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ушанов алаңында жаңа аялдама павильоны орнатылды – Өскемен

Фото: Шартты сурет

14.04.2023, 11:29 213

Жақында Ушанов алаңындағы аялдама бұзылып, бос орны ғана қалған (Н.Назарбаев даңғылының жұп жағы). Ескі аялдама кешенінде қоғамдық көлік күту орны мен киоск біріктірілген еді.
Көп ұзамай ескі кешеннің орнына жаңа павильон орнатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Өскемен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, құрылым иесінің жерді жалдау мерзімі аяқталғандықтан, ол нысанды бұзып тастаған екен.
Қазір «Қайнар» базарына қарама-қарсы орналасқан аялдама кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын да айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив