22-ші шағын аудандағы үш көшеге асфальт төселеді – Өскемен
Өскемен әкімі Жақсылық Омар 22-ші шағын ауданды абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, Есенберлин даңғылы мен Алматы тасжолының арасында орналасқан аудан Сол жағалаудың орталығы болады,
Қала билігі қазіргі уақытта көлік инфрақұрылымын дамытуға күш салуда. Өткен жылы мұндағы төрт жолға асфальт, бірқатар көшеге қиыршық тас төселді.
– Биыл үш көше орташа жөндеуден өтеді: М.Мәметова көшесі, Бөкейханов көшесінің Ш.Уәлиханов пен Ш.Құдайбердиев көшелерінің арасындағы бөлігі және Алматы тасжолы мен ЖМК ауданына шығатын жол. Осы жолдарға асфальт төселеді, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Облыс орталығының басшысы 22-ші тұрғын ауданда футбол және ойын алаңдары салынатынын атап өтті.
Ал мердігер – «Өскеменкоммунтранс» ЖШС жол жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтауы тиіс.