KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Өскеменнен Алматыға жаңа тікелей әуе рейсі іске қосылды

2.05.2023, 16:17 291 Ләззат Қанатқызы

FlyArystan Алматы – Өскемен – Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады.

Оңтүстік астанадан облыс орталығынаалғашқы рейс бүгін сағат 12.45-те қонды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Біз өңірлік туризмді дамытуға өз үлесімізді қосамыз. Осы уақытқа дейін автобус пен пойыз арқылы қатынағандар енді ұшақпен ұша алады. Баға да халыққа қолжетімді, төмен бағада болады, – дейді Flyarystan авиакомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі директоры Мадина Бужинова.

Компания ШҚО-ның тамаша табиғатын тамашалап, аймақтың барлық туристік мүмкіндіктерін пайдалану үшін басқа да облыс тұрғындары тарапынан қызығушылықтарын арттыруға үміттеніп отыр.

Ал Өскемен қаласының тұрғындары үшін басқа облыстарға және Алматыдан шетелге ұшуға үлкен мүмкіндік туды.

– Облыс тұрғындары енді Өскеменнен Алматыға жылдам және төмен бағамен ұша алады. Жазда Қазақстанның түкпір-түкпірінен туристер ағынын күтеміз, – деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Өскемен қаласынан тұрақты рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Ұзақтығы 1 сағат 40 минуттық рейстерді жайлы Airbus A320 ұшақтары жүзеге асырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив