KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Өскеменде "Aibyn Oskemen 2023" әскери-спорттық ойыны өтті

8.05.2023, 17:42 529

4-6 мамыр аралығында облыс орталығындағы колледж студенттері арасында Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған "Aibyn Oskemen 2023" қалалық әскери-спорттық ойыны өткізілді.

Өскемен әкімдігінің қолдауымен "Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры" ҚҚ ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты - өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 7 колледжден келген командалар бақ сынасып, онлайн тестілеу мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқы туралы ойын өткізілді. Студенттер Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Тілеуғали Әбдібеков сияқты қазақ халқының батырлары туралы көптеген ақпаратқа қанық болды.

  Зияткерлік ойын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада өтті. Сайыс қорытындысы бойынша, екінші турға 4 командаға жолдама берілді. Ал 5 мамыр күні колледж студенттері ҚР Ұлттық ұланының 5518 әскери бөліміне барып, заманауи қару-жарақпен, сондай-ақ әскери қызметшілердің жағдайлары мен тұрмысымен танысты, дейді ұйымдастырушылар.

Турнирдің финалистері Warpoint виртуалды ойынында шайқасты.

  "Aibyn Oskemen 2023" әскери-спорттық ойыны коммуникабельділік, табандылық және жауапкершілік сияқты маңызды қасиеттерді дамытуға көмектеседі, дейді қатысушылар,

"Aibyn Oskemen 2023" қалалық әскери-спорттық ойынының қорытындысы бойынша бірінші орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің командасы иеленді. Екінші орынды Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері алса, үшінші орын Өскемен техникалық-экономикалық колледжінің командасына бұйырды.

7 мамырда Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар "Aibyn Oskemen 2023" қалалық әскери-спорттық ойынының жеңімпаздарын грамоталармен және медальдармен салтанатты түрде марапаттады.

Өскемен әскери-патриоттық клубтарының студенттері мен басшылары турнирді ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, жастармен жүйелі жұмыс істегені үшін Өскемен қаласының басшылығына алғыстарын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив