KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Абай даңғылына жаңа асфальт төселіп жатыр - Өскемен

Фото: автор

8.05.2023, 09:11 416

Өскеменде орталықтағы Абай даңғылы мен қаладағы негізгі теміржол бекетіне апаратын Теміржолшылар көшесінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Маусым айында мердігерлер нысандарды тапсыруға уәде етіп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жөндеу жұмыстары алдымен Абай даңғылында басталған-ды. Ақын даңғылы соңғы рет 2011 жылы жөндеуден өткен. Шаруа Б. Александров атындағы Спорт сарайынан Тракторная көшесіне дейінгі учаскеде жалғасады. Ауданы 53979 м2 болатын 4,6 шақырым жол жөнделмек. Мердігер маусым айына дейін аяқталады деп уәде беруде.

Қала әкімі өз кезегінде оған бас даңғылдың біріндегі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуына қатысты ескертулер жасады.  

 Ал Теміржолшылар көшесін орташа жөндеу сәуір айында басталған. Мердігер уәделі уақытта 14 840 м2 жолдың 1,04 шақырымын ауыстырып, асфальттап, жаңа шекаралар орнатуы керек.

  – Бүгінгі таңда асфальттың жоғарғы бес сантиметрлік қабатын төсеу, жиектастарды ауыстыру қалды, жұмыстар жақын арада аяқталады, – деді жауапты мердігер.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив