KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Абай даңғылында жол қозғалысы қиындауы ықтимал – Өскемен

Фото: Шартты сурет

24.04.2023, 19:33 299

Өскемендегі Абай даңғылында жол қозғалысы қиындауы ықтимал. 
Аталған даңғылдың бір бөлігінде фрезерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, 24 сәуір күні сағат 10.00-де жолдың бір бөлігінде жөндеу жұмыстары басталған. Фрезерлеу жұмыстары Б.Александров атындағы Спорт сарайынан Михаэлис көшесіне дейінгі аумақта жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарымен қатар жол қозғалысы да жалғаса бермек. Қызметкерлер екі ауысымда жұмыс істеп жатқанын да атап өткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив