Үлбі көпірінің астындағы жол жабылды
сурет ашық дереккөзден алынды
Өскемендегі Үлбі көпірінің астындағы көлік жолы өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты жабылды.
Жүргізушілер маршрутты жоспарламас бұрын осыны ескеруі керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, өзен суы жол жиегін шайып жатыр. Сол себепті Протозанов көшесі жақтағы көпірасты жолымен қатынауға уақытша шектеу қойылды.
Жол уақытша жабылды. Қала тұрғындарының осы ақпаратты ескеруін сұраймыз, деді бөлім мамандары.
Оқи отырыңыз